Халықпен жұмыс

Sema Hospital клиникасы өз қызметінің алғашқы күндерінен бастап халықпен жұмыс істеуге және қолжетімді медицинаны дамытуға ерекше назар аударып келеді. Біздің миссиямыз — адамдарға көмектесу және қоғам игілігі үшін әрекет ету, медициналық көмекті ең қажет жерлерде көрсету. Клиниканың хирургтары мен салалық мамандары Алматы облысына және Талдықорған қаласына үнемі барып, тар бейінді дәрігерлердің жетіспеушілігі байқалатын өңірлерде қызмет көрсетеді. Мұндай іссапарлар барысында тұрғындарға тегін кеңес беру мен тексеру жүргізіліп, ерте диагностикалау және уақтылы көмек көрсету көзделеді. Іссапарлық бригада құрамында кардиологтар, кардиохирургтар, офтальмологтар, травматологтар, нейрохирургтар және тамыр хирургі дәрігерлері бар. Бұл жұмыс тоқсан сайын ұйымдастырылып, клиниканың қызметінің маңызды бөлігі болып табылады. Sema Hospital — бұл денсаулық пен өмір игілігі үшін жанашырлықпен және жауапкершілікпен еңбек ететін кәсіби команда!