Медсақтандыру
2026 жылдан бастап МӘМС бірнеше созылмалы ауруды қамтиды
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар созылмалы ауру түрі МӘМС пакетіне енгізіледі: қант диабеті, сал ауруының балаларға тән түрі, ревматизм, дәнекер тіндердің жүйелік зақымданулары.
МӘМС созылмалы аурулардың басым бөлігін қамтиды, ал әлеуметтік маңызы бар 11 ауру тобы бұрынғыдай ТМККК шеңберінде қаржыландырылады: туберкулез, АИТВ, қатерлі ісіктер, вирустық гепатиттердің созылмалы түрлері мен бауыр циррозы, психикалық бұзылыстар, орфандық аурулар, жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары, орталық жүйке жүйесі демиелинизирлеуші аурулары, эпилепсия, жедел миокард инфаркті (алғашқы 6 ай), инсульт (бір жыл ішінде).
Барлық сақтандырылған азаматтар емді, дәрігер кеңесін және қажетті дәрі-дәрмектерді МӘМС аясында бұрынғыдай тегін алады.
12 миллионнан астам адам жеңілдік санатына кіреді – олар үшін мемлекет төлейді. Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап дағдарыстық жағдайдағы шамамен 1 миллион азамат жергілікті атқарушы органдар есебінен сақтандырылатын болады.
Сіз «D» немесе «E» санатына жататыныңызды білу үшін тіркелген емханаңызға жүгініңіз.
Сақтандырылған болыңыз — МӘМС бойынша тегін анализдер, диагностика, дәрігерлер кеңесі, жоспарлы операциялар, емдеу және оңалту қызметтері қолжетімді!
Мәртебені тексеру үшін кез келген ыңғайлы құралды пайдалана аласыз:
- Telegram-дағы SaqtandyryBot (https://t.me/SaqtandyryBot);
- ӘМСҚ сайты (https://msqory.kz/ru/naseleniyu/uznat-status-kalkulyator-osms/uznat-status-zastrakhovannosti/);
- Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы;
- eGov.kz сайты немесе eGov mobile мобильді қосымшасы;
- сондай-ақ кейбір екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары.
2026 жылдан бастап Қазақстанда МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар саны артады
Қазақстанда шамамен 17 миллион адам МӘМС жүйесінде сақтандырылған – бұл халықтың 82%-дан астамы.
Олардың 12 миллионы жеңілдік санатына кіреді: балалар, студенттер, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, мүгедектер. Тағы 4,5 миллион адам жарналарды өздері төлейді.
Сонымен бірге 3 миллионнан астам адамның сақтандырылған мәртебесі жоқ, олардың шамамен 1 миллионы өздігінен жарналарды төлей алмайтын азаматтар. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап олар үшін жергілікті атқарушы органдар төлейтін болады. Сондай-ақ ресми тіркелген жұмыссыздардың жарналарын да жергілікті бюджеттен төлеу қарастырылған.
Осы санаттарға кіретініңізді білу үшін тіркелген емханаңызға жүгініңіз.
Сақтандырылған азаматтар үшін тегін анализдер, дәрігердің кеңесі, жоспарлы операциялар, емдеу және оңалту қызметтері қолжетімді!
Мәртебені тексеру үшін кез келген ыңғайлы құралды пайдалана аласыз:
- Telegram-дағы SaqtandyryBot https://t.me/SaqtandyryBot;
- ӘМСҚ сайты https://msqory.kz/ru/naseleniyu/uznat-status-kalkulyator-osms/uznat-status-zastrakhovannosti/;
- Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы;
- eGov.kz сайты немесе eGov mobile мобильді қосымшасы;
- сондай-ақ кейбір екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары.