Бел омыртқасының жарығы (грыжа) қалпына келеді ме?
Комплексті консервативті емнен кейін бел жарығының қалпына келіп келмейтіндігін зерттеу үшін 1990-2015 жылдар арасында жасалған мыңдаған КТ және МРТ суреттерімен зерттеу жүргізілген болатын. 11 санаттық жұмыстың жүйелі шолу және мета анализінде жарық тінінің 66.66 % науқастарда қалпына келген деген нәтиже шыққан. Осы сияқты бірнеше бақылау жұмыстары бар, бірақ әлі де ақпараттар жеткіліксіз дегенмен, бел омыртқасының жарығы қалпына келеді дегеніміз қате болмас.
Бел жарығы 30-60 жас аралығында көп кездескенмен, әр түрлі жаста да кездесе беруі мүмкін.
Ең жиі кездесетін белгілері:
- жамбасқа және балтырға берілетін ауыру сезім
- аяқта ұю және шаншу
- бұлшық еттерде әлсіздік
Емі комплексті түрде болуы керек. Жарықтың орналасуы, пішіні, науқастың жасы және т.б көрсеткіштеріне қарай әр адамға жеке ем тағайындалуы мүмкін.
Сізде бел ауыру мазалап жүрген болса ең алдымен физиотерапевтке қаралуыңыз керек.
Физиотерапевт/реабилитолог Сейтжан Айдос Максимұлы