Госпитализация

Емхана науқастарды бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі аясында, ақылы түрде, медициналық сақтандыру арқылы, оның ішінде шетелдік азаматтарды ауруханаға жатқызуға болады.

Әр пациент, госпитализацияның мақсатына қарамастан, жуынатын бөлмесі бар ыңғайлы палатамен және күніне 3 рет тамақтанумен қамтамасыз етілген.

SEMA клиникасының барлық бөлмелері барынша жайлылыққа, қауіпсіздікке және тазалыққа арналған.

Әр бөлме жабдықтары:

  • Ыңғайлы электрлі кереуеттер
  • Шұғыл шақыру батырмасы бар душ кабинасы және операциядан кейін қолдануға арналған арнайы тұтқалар
  • Медбикеге қоңырау шалу түймесі
  • Орталық кондиционер
  • Қараушыға арналған төсек

Аурухана ішілік инфекциясынан сақтау

SEMA клиникасы ашылғаннан бері метициллинге төзімді Staphylococcus aureus (MRSA) инфекциясының бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.

Тәуекелі жоғарғы пациенттер Staphylococcus aureus тасымалдау үшін алдын-ала тексеруден өтіп, анықталған жағдайда ауруханаға жатар алдында емделеді.

Бір медбикедегі пациенттердің орташа саны 4: 1-ден аспайды, бұл бізге пациенттерге жеке күтім көрсетуге және күтім мен гигиенаның жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді..

Біздің клиника Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) ұсынымдарын және Қазақстан Республикасының санитарлық-гигиеналық талаптарын сақтайды.

Клиника қызметкерлері қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде сөйлейді.

Қызметтер