glavnaiya_1Клиникамыз Еуропа, Американың жоғарғы деңгейлі өндірісшілерінің ең соңғы әлемдік кластағы құрал-жабдықтарымен қамтылған.

Клиника реанимациялық және 2 операциялық бөлімдерден тұрады. Жалпы палаталық қор саны 29, оның ішінде 1 орындық палаталар саны 16, 2 орындық палаталар саны 10, сондай-ақ 3,4,5 орынды палаталарда бар.

Өз еліміздің кәсіби дәрігерлерімен қатар Түркия, Еуропа елдерінің алдыңғы қатарлы клиникаларында еңбек еткен дәрігерлері өзінің терең білімдері мен көп жылдық тәжірибелеріне сүйене өз қызметтерін өте жоғарғы дәрежеде жасауда.

Клиникамыздың техникалық жабдықталуы және жоғарғы санаттағы дәрігерлер мен қызметкерлер құрамы Сіздерге және Сіздердің денсауықтарыңызға деген қамқорлығымыздың негізі болып табылады.

 Біздің мақсатымыз – жылдам және сапалы емдеу үшін қазіргі заманғы медициналық техниканы және жаңа инновациялық жобаларды қолданып, шапшаң диагностика нәтижесі болып табылады.